8.01.2025, 14:30
Оқылды: 678

Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге). Бұл туралы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі хабарлады.

WhatsApp Image 2025-01-08 at 16.04.17Сурет: gov.kz

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

- Астана қаласы – 218,2%-ға өсті;
- Батыс Қазақстан облысы – 94,5%-ға өсті;
- Маңғыстау облысы – 50%-ға өсті;
- Атырау облысы – 183%-ға өсті;
- Түркістан облысы – 43,7%-ға өсті.

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале