Тіл бірлігі мен түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиге көшу үдерісін жеделдету үшін бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Түркияның Анадолы агенттігі.
Бірыңғай әліпби жасау жөніндегі комиссия құру шешімі Түркияның Бурса қаласында өткен тіл күнінің 90 жылдығына арналған «Түркі әлемінің жалпы әліпбиі бойынша» семинарда Түркі мемлекеттері үйымының қарауына ұсынылды.
Семинарға түрік тілі қоғамының басшысы Гюрер Гюльсевин төрағалық етті.
Семинарда түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елдеріндегі әліпби мен тарихи тілдік үдерістер туралы мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшу және оны түркі мемлекеттері арасында таратуды жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.
Алматы, NEGE.