24.02.2026, 14:46
Оқылды: 48

Түркістан әуежайы қызметінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталды

"ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті авиаотынды бөлшек саудада өткізу тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайына талдау жүргізді", - деп хабарлайды ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

pexels-pixabay-358319

Фото: www.pexels.com

Талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 4) тармақшасын бұзу белгілері анықталды.

Осыған байланысты "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ-ға келісімдердің мәніне қатысы жоқ қосымша міндеттемелерді таңу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындалды.

Тергеп-тексеру барысында "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ тиісті нарықта үстем жағдайға ие бола отырып, авиаотынды бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлік субъектісінен әуежай аумағында өткізу құқығы үшін алым өндіргені анықталды. Аталған әрекеттерден Департамент Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 4) тармақшасында көзделген бұзушылықтарды анықтады.

Түркістан қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен "Түркістан халықаралық әуежайы" АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 14,3 миллион теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале