27.04.2022, 12:00
Оқылды: 43

Түркістан облысының тұрғыны несиесін жабу үшін үш қап жүн ұрлаған

Түркістан облысында ер адам несиесін жабу үшін үш қап ешкі жүнін ұрлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

002

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, қорасына белгісіз біреулер кіріп, үш қапқа салынып, жинаулы тұрған ешкінің жүнін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 75 мың теңге.

"Бұл жайтты Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеуге алды. Ұрлықты ашып, күдіктіні ұстау мақсатында Бәйдібек АПБ-ның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Куәлардан жауап алынды, жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, бір тәулік ішінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды", - делінген хабаламада.

Полиция мәлмітенше, ер адам Түркістан қаласынан анықталып, ПБ-ға жеткізілген. Ол жануарлар жүнін алып-сатумен айналысатын ер адам болып шықты.

"Күдікті күндізгі уақытта жәбірленушінің мал қорасында ешкім жоқтығын пайдаланып, үш қап жүнді жымқырып кеткен. Яғни, несиесін төлеу үшін ұрлық жасаған. Қазіргі уақытта күдіктіден айғақты зат ретінде қапқа салынған ешкі жүні алынып, иесіне қайтарылды", - деді полиция өкілдері.

Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале