15.06.2022, 15:00
Оқылды: 34

Түркістанда азаматтық некедегі әйелін атып өлтірген тұрғын 18 жылға сотталды

Сот үкімі 1 маусымнан бастап занды күшіне енді. Ал, жәбірленушінің соңында 3 баласы жетім қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220615142020523e

Оқиға 10 қаңтар күні болған. Түркістан қаласы Ақбастау көшесі №46 үйде Фарида Молдабаеваны белгісіз біреу атып кеткен.

Кейіннен күдіктінің марқұмның азаматтық некедегі күйеуі екені белгілі болды.

Келіншектің басқа ер адаммен сөйлескенін көрген ол жанжал шығарып, соңында екі ауыздық 16 калибрлі мылтықпен басынан атқан.

Жарақат алған азаматша сол жерде қайтыс болды.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2022 жылғы 27 сәуірдегі үкімімен айыпталушы С-ға Қылмыстық кодексінің 99-бабымен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале