5.07.2022, 16:45
Оқылды: 48

Түркістанға «Тақсай ханшайымының» көшірмесі жеткізілді

Бүгін Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты жасақталған көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды БҚО-ның мәдениет басқармасы.

687ad8b7-7fe1-46b5-8709-3524a0392fa7

Екі облыстың музейлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, өзара байланысты нығайтуға ықпал ететін көрменің салтанатты ашылуында Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов, Батыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаев, Түркістан облысы мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев арнайы қатысып сөз сөйледі.

- Бүгін Батыс өлкесінің жауһары саналатын Тақсай ханшайымы Түркістан облысына тапсырылды. Түркістан облыстық «Ұлы Дала Елі» орталығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тарихы – терең Ақжайық, Тақсай ханшайымы» атты көрменің ашылуы өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Тақсай ханшайымының көшірмесін дайындап, орталыққа өткізуді жоспарлаған болатын. Екі облыстың музейлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, өзара байланысты нығайтуға ықпал ететін аталмыш көрменің салтанатты ашылуына қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін өткіздік. Теректі ауданы Тақсай оба-кешенінен табылған б.д.д IV-VI ғ. ежелгі сармат кезеңіне жататын «Тақсай ханшайымы» елімізде табылған төрт алтын адамның бірін жас ұрпаққа мақтан етерліктей кеңінен насихатталады деген сенімдеміз, - дейді БҚО-ның мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов өзінің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.

WhatsApp Image 2022-07-05 at 16.42.26

- Бүгінгі көрменің ашылуы және музейдің жаңа экспозияциямен толығуы Түркістан облысы үшін үлкен мәртебе. Бұл - біздің өлкеге бастаған сапарларыңыздың рухани, мәнді, мағыналы екендігінің айғағы. Қос өңірдің музейлері арасындағы мұндай байланыс, елдің ертеңі, мәдениетіміздің мәйегі, «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы деп білемін, - деді Әзімхан Серікұлы. Сондай-ақ келген қонақтарға ізгі лебізін жолдап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Салтананатты шара барысында әсем әндер шырқалып, мәдени-рухани шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Содан соң Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарихы терең – Ақжайық, Тақсай ханшайымының» лента қию рәсімі өтті. Ары қарай музейге келушілер экспозиция залында көрмені тамашалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале