"Биыл қаңтар айында катодты мыс экспортының көлемі 42,9%-ға – 29,2 мыңнан 41,7 мың тоннаға дейін өсті", - деп хабарлайды ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Фото: www.gov.kz
Өсім көрсеткіші негізінен өнімге деген сұраныстың Түркияда екі есеге (6,6 мыңнан 13 мың тоннаға дейін) және Қытайда - 63,7% - ға (16,3 мыңнан 26,7 мың тоннаға дейін) ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.
Отандық мысты тұтынушы негізгі елдердің қатарына Қытай (63%), Түркия (31%) және Латвия (4%) кірді.
Қазақстандағы катодты мыстың жетекші өндірушілері «Қазақмыс Смэлтинг» (Жезқазған), «Қазмырыш» (Өскемен), «Коунрад Мыс компаниясы» (Балқаш) компаниялары.
Катодты мыс электр кабельдері мен сымдарын өндіру үшін электротехникада қолданылады.
Катодты мыс экспортының көлемі, тонна
| Экспорт көлемі | қаңтар. 2023 ж. | қаңтар. 2024 ж. | динамика |
| Барлығы | 29 186 | 41 705 | +42,9% |
| оның ішінде | |||
| Қытай | 16 331 | 26 737 | +63,7% |
| Түркия | 6 645 | 13 043 | +2 есе |
| Латвия | 100,1 | 1 903 | +19 есе |
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ, ҚР МКК