24.12.2021, 16:15
Оқылды: 49

Түркия мен Польшаға қалай және қашан ұшуға болады

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне сәйкес Түркия мен Польшаға тұрақты жолаушылар рейстері ашылды.

29

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация көмитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркия арасында «Эйр Астана», «SCAT», «Fly Arystan», «Turkish Airlines» және «Pegasus» әуе компаниялары аптасына 37 рейс орындайды.

Атап айтқанда:

– Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл, 6 рейс (Эйр Астана – B737 әуе кемесімен дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері 3 рейс, Turkish Airlines – А320N әуе кемесімен дүйсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері 3 рейс);

- Нұр-Сұлтан-Анталья, 2 рейс (Эйр Астана – А320 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс);

- Алматы-Ыстанбұл, 10 рейс (Эйр Астана – А321 әуе кемесімен дүйсенбі, сейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері 5 рейс, Turkish Airlines - B737 әуе кемесімен дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері 5 рейс);

- Алматы-Анталья, 7 рейс (Эйр Астана-А321 әуе кемесімен дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері 4 рейс, Turkish Airlines – B737 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс, Pegasus-B737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс);

- Шымкент-Ыстанбұл, 1 рейс (SCAT – бейсенбі күндері B737 әуе кемесімен 1 рейс);

- Ақтау- Ыстанбұл 5 рейс( SCAT – B737 әуе кемесімен сейсенбі, жұма және жексенбі күндері 3 рейс, Turkish Airlines-A321 әуе кемесімен сейсенбі және жұма күндері 2 рейс);

- Ақтөбе-Ыстанбұл, 2 рейс (SCAT – сәрсенбі және сенбі күндері B737 әуе кемесімен 2 рейс);

- Түркістан-Ыстанбұл, 4 рейс (Fly Arystan – A320 әуе кемесімен жұма және жексенбі күндері 2 рейс, Turkish Airlines – B737 әуе кемесімен аптасына 2 рейс сәрсенбі және сенбі күндері).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале