6.03.2022, 14:40
Оқылды: 48

Түркия Ресейге қарсы санкция салмайтыны туралы мәлімдеді

Түркия Ресейге қарсы санкция салмайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

IMG-20220306-WA0031

Бұл туралы Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын айтты.

"Қазір Ресейге қарсы санкция жоспарымызда жоқ. Біріншіден, біз бұл соғыста бір тарапқа шықты деген түсінік болғанын қаламаймыз, бұл біздің экономикамызға кері әсер етеді", - дейді ол.

Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинада әскери операция бастады.

Бұған жауап ретінде Батыс елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале