Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат түспеген, цунами қаупі жарияланған жоқ.
Орталықтың мәліметтері бойынша, эпицентр Измир қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Эгей теңізінің жағалауында орналасқан. Онда 2,5 миллион адам тұрады. Жер сілкінісінің ошағы 5 км тереңдікте жатыр.