24.01.2023, 15:15
Оқылды: 67

Түркияда аспаннан НЛО-ға ұқсас құбылыс байқалды

Желіде Түркияның Бурса қаласының тұрғындарының күн батқан кезде аспанда пайда болған ерекше бұлттың фотосуреттері тарады. Сирек кездесетін көріністі желі қолданушылары НЛО табақшасымен салыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

3

"Метеоновости" ақпараттық порталының жетекші маманы Татьяна Позднякова ерекше бұлттың пайда болуын түсіндірді.

"Бұлттар түрлі пішіні болуы мүмкін. Сондықтан табиғат суреттерінен кез келген нәрсені көруге болады. Оның үстіне фотосуреттерді өңдеу мүмкіндіктері де бар. Сондықтан оларға қарап болжам жасау қиын. Тіпті мен де экспедицияларға барғанымда ядролық саңырауқұлаққа ұқсайтын бұлтты көріп, шошығаным есімде", – деді синоптик.

Маманның сөзінше, түріктердің аймағында климаттық ерекшеліктерге байланысты бұлттардың ең ерекше түрлері пайда болуы мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале