6.12.2022, 15:46
Оқылды: 54

Түркияда бір айда 100-ден астам лаңкестің көзі жойылды

Түркиядағы лаңкесттікке қарсы операциялар кезінде тек қараша айында 103 террористтің көзі жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

изображение_2022-12-06_130652

Бұл туралы Түркия ішкі істер министрінің орынбасары Исмайыл Чатаклы мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен айда елде 11 868 қауіпсіздік операциясы (соның ішінде 11-і ірі және 50 орташа операция) өткізілген. Көзі жойылған лаңкестердің екеуі елдің ІІМ іздеу салған аса қауіпті қылмыскерлер тізімінде болған.

Қараша айында лаңкестік ұйымдарға қатысы бар деген күдікпен 2110 адам ұсталса, оның 376-сы сот шешімімен қамауға алынды.

Түркия вице-министрі елде қараша айында 17 лаңкестік әрекеттің жолы кесілгенін атап өтті.

Еске салсақ, 13 қараша күні Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. ҚазАқпарат Түркиядағы ірі терактілер хроникасын жасаған еді.

Фото: aa.com.tr

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале