Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Министрдің мәліметінше, кейінгі тәулікте 362 535 тест жасалып, 26 099 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болған, сондай-ақ, 157 адам қайтыс болған. Саясаткер жұқтырғандар санының артуы жаңа омикрон штамының таралуымен байланысты деп санайды.