Құрбан айттың алғашқы күнінде Түркияда құрбандық шалу кезінде жарақат алған 14 мыңнан аса адамға медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Фото: pixabay
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоғлы X әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, медициналық көмекке жүгінгендердің ең көбі Анкара қаласында тіркелген – 1049 адам. Ыстанбұлда – 753 адам, Конья қаласында – 655 адам жарақат алған.
Түркияның Денсаулық сақтау министрі мұндай оқиғалардың алдын алу мақсатында құрбандық шалу жұмыстарын тек білікті мамандардың орындауы қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл — халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.