Түркияда өткен «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын 4 мыңнан астам адам тамашалады. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Стамбулда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қойылымы Жошы ұлысының 800 жылдығына арналды.
Қойылым премьерасы Ататүрік мәдениет орталығында өтті.