Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесе іздеуде жүрген екі Қазақстанның азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: www.gov.kz
Олар 3 сәуірде Стамбул қаласынан Алматыға этаппен жіберілген.
Екі күдікті аса ірі мөлшерде алтынның экономикалық контрабандасын тасымалдаған. Сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, басшылық жасады деген күдікке ілініп тергеу изоляторына қамалды.