Түркияда туристер мінген автобус аударылып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Автобус Ақсарай мен Кония арасындағы жолдан шығып кетіп, аударылған.
Сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде 26 адам әртүрлі деңгейдегі дене жарақатын алды. Олар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.