2.12.2021, 17:00
Оқылды: 39

Түркиядағы демалыс лираның құлдырауына байланысты қымбаттай ма

Туризм саласындағы сарапшылар 2022 жылғы маусымда Түркиядағы демалыс бағасының өсуін болжайды. Мұның бірнеше себебі бар: шетелдік туристер арасында Түркиядағы демалысқа сұраныстың артуы, қонақүйлерге салықтың өсуі және лира курсының төмендеуі. Kaz.tengritravel.kz тілшісі бұл жағдай Түркияда демалғысы келетін қазақстандықтарға қалай әсер ететінін туркомпаниялардан сұрады.

photo_90579

Қазақстандық туркомпаниялардың пікірі екіге бөлінді. Kompas туроператорының өкілі Түркиядағы демалыс бағасы шынымен, көтерілуі мүмкін деп мәлімдеді. Алайда әзірге олар 2022 жылдың жазғы маусымына нақты баға алмаған.

"Туристік сектордың Түркиядағы банктер алдындағы қарызына және сұраныстың артуына байланысты бағалар көтерілуі мүмкін. Шын мәнінде, бұл - бір жағынан шындық, екінші жағынан маркетингтік ынталандыру. Әзірге біз 2022 жылға арналған жазғы бағаларды алмадық, тек қазір 2022 жылдың наурызына, оның ішінде жазғы маусымға әуекомпаниялармен келісім жасасамыз. Сондықтан бағаның көтерілетінін немесе көтерілмейтінін сәл кейінірек нақты айтуға болады", - деді туроператор өкілі Светлана Ошерова.

 TUI Kazakhstan туроператоры бағалар бұрынғысынша әлі де өткен жылдың деңгейінде тұрғанын және оның өсуі туралы ақпарат түспегенін айтты.
"Бағалар өткен жылмен бірдей, әсіресе қазір Түркияда ерте брондау жүріп жатыр, онда турды одан да арзан сатып алуға болады", - деді туроператордың өкілі.

Ал HT.kz турагенттігі 2022 жылы Түркиядағы демалыс қазақстандықтар үшін қымбаттайды деп есептейді. Компания директорының айтуынша, жолдамалар бағасының өсуі - көптеген шетелдік бағыттар бойынша жыл сайынғы рәсім.

"Бұл қысқа уақыт мәселесі. Бағаның қаншалық қымбат болатыны да белгілі болады. Бірақ бұл фактіні 2022 жылдың жазында демалысты жоспарлау кезінде ескеру керек. Жыл сайын ваучерлер бағасының өсетінін және барлық бағыт бойынша жүретінін атап өтеміз. Түркиядағы демалыс құны еуромен есептелетінін де ескерген жөн, курс тұрақсыз. Ақпаннан кейін турлардың құны арта бастайды. Кем дегенде, біз 20-25 пайызға қымбаттауды күтеміз", - деді турагенттіктегілер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале