11.03.2024, 12:15
Оқылды: 48

Түркиядағы турнир: Мейрамбек Айнағұлов қола медаль жеңіп алды

Түркияның Анталья қаласында күрес түрлерінен дәстүрлі Яшар Догу және Вехби Эмре турнирі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

d99e72c7-5a9b-4ac0-9134-d892d2d612cd

 

Фото: olympic.kz

Жүлде саны жөнінен Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға табан тіреді.  Қайрат Сағадиев шәкірттері 122 ұпаймен жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.

Грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов (60 келі) пен Тамерлан Шадукаев (77 келі) қола медаль алса, еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 келі) қолаға қол созды.

Ризабек жартылай финалда Бахрейн атынан сынға  түсетін дағыстандық балуан Ахмед Тажукаевтан ұтылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале