Төтеншеліктер Бетин Бегдашты үйілген бетонның астынан шығарған кезде, ол небәрі төрт айлық сәби еді, деп хабарлайды zhaikpress.kz , astana.tv арнасына сілтеме жасап.
Фото: сюжеттен
Айта кетейік, Бетин 128 сағатты үйінде арасында өткізген. Ауруханада медбикелер оған "Құпия"дегенді білдіретін Гизем есімін берген. Баланың әкесі мен екі ағасы қайтыс болған, ал анасы зілзаладан жарақат алған.
Кішкентай нәресте қазір өзін жақсы сезінеді. Анасы Аданадағы ауруханада ем алып жатыр. Оның анасы екендігі ДНҚ сараптамасы арқылы дәлелденді.
Бүгін анасы мен қызы қайта қауышты. Түркияның отбасы және халыққа қызмет көрсету министрі сәбиді анасына өзі алып келді. Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда жер сілкінісі болып, 50 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.
zhaikpress.kz