30.03.2023, 14:45
Оқылды: 60

Түркиядағы жер сілкінісінен 49 күн өтіп үйінді астынан мысық тірі табылды

Түркияның Кахраманмараш қаласында 6 ақпанда болған жер сілкінісі кезінде құлаған 11 қабатты үйдің қирандыларының астынан Хан есімді мысық шығарылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.

d8a444c4-70d2-406a-8de2-80302b6d1cc3

Нида Дина қызымен және мысықпен бірге Оникисубат ауданындағы 11 қабатты үйде тұрған. Үй иесі мен қызы алғашқы дүмпулерден кейін үйден шығып кеткен. Жер сілкінісі салдарынан үй қирап қалған. Әйел мысығын іздеп, үйінің жанында 40 күн болған. Содан үйінділер тазартыла бастағанда, мысық бұрын асхана болған жерден кілем үстінен табылды. Мысық ветеринарға жеткізілді,  жануардың аяғы сынған және қатты сусыздану салдарынан әлсіреген.

1c559e13-5f80-44c6-8c21-d9eeea804284

Фахри Хатипоглу мысықты үйінділерді тазалау кезінде көргенін айтады.

Жануарды ғимарат үйінділерінің астынан шығару сәті де ұялы телефон камерасына түсіп қалған.

Т. Раушанұлы,

Фото: aa.com

massaget.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале