Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушы алған ақаулы жуғыш шаңсорғыштың ақшасын қайтару үшін көмекке жүгінді, - деп жазады Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

Сурет: gov.kz
Тұтынушы шаңсорғыштың танымал маркетплейс алаңынан сатып алды, бірақ жеткізілгеннен кейін техниканы тексерген кезде, жуғыш шаңсорғыштың құрғақ сору кезінде ылғалды із қалдыратыны анықталды.
Тұтынушының қайтару туралы өтінішінен кейін онлайн-дүкен тауарды қабылдап, сараптамаға жіберді. Сараптама шаңсорғыштың дұрыс жұмыс істейтінін растады. Алайда, тұтынушы атап өткендей, тауарды тексерген компания ресми өндірушінің сервис-орталығы емес, бұл сараптаманың сенімділігіне күмән келтірді.
Жоғарыда аталған процедуралар белгілі бір уақытты алды, ал тұтынушы рәсімделген бөліп төлеу бойынша төлемдерді уақытында жасап отырды, бірақ тауар әлі де сатушыда болды.
Департамент қызметкерлері онлайн-дүкеннің басшылығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізділді. Атап айтқанда, «ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 29-бабының 5-тармағына сәйкес: тауарды үлгі мен (немесе) сипаттама бойынша сату кезінде сатушы тұтынушыға үлгіге және (немесе) сипаттамаға сай келетін тауарды беруіге міндетті.
Қазіргі уақытта Департаменттің жұмысының нәтижесінде шаңсорғыштың тапсырыс күші жойылды және тұтынушыға толық көлемде ақша қайтарылды.