Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, Ұлы Жеңіске 76 жыл толуына орай Орал қалалық мектептерінің арасында «Оқушылар сарайы кубогі-2021» атты футболдан ашық турнир өтті.
Турнирде қалалық мектептерде қызмет ететін мұғалімдерден құралған топтар бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша №46 ЖОББМ қызметкерлерінен құралған топ жүлделі ІІІ орынға ие болды. Мектеп қызметкерлері шараға қатысуға қолдау көрсетіп, топ мүшелерін спорттық үлгідегі киімдермен қамтамасыз еткен №46 ЖОББМ қызметкерлерінің кәсіподақ комитетіне алғыстарын жеткізді.
Аталмыш еңбек ұжымы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жаңылсын Айдынғалиқызы өз сөзінде: «Білім беру ұйымдары, мекемелері жанынан ашылған кәсіподақ комитеттерінің басты міндеті – сала мамандарының еңбек қатынасындағы қатысымдылық белсенділігін, біліктілік, құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету. Әрине, бұл орайда қызметкерлердің денсаулық жағдайлары мен қауіпсіз еңбек орындарында жұмыс істеуі талаптары басты назарда болады. Ұстаздық қызметтегі мамандар үшін ұжыммен бейресми шаралардың жиі өткізілуі – жақсы нәтижелерге әкеледі. Біздегі бастауыш кәсіподақ ұйымы бұл жағдайды үнемі назарда ұстап келеді, - дейді.
Бүгінде бастауыш кәсіподақ ұйымында 135 кәсіподақ мүшесі бар.
«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ