1.06.2022, 16:45
Оқылды: 39

Түсіндіру жұмыстарымен 3 мыңға жуық адам қамтылды

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің қызметкерлері мен мүшелері халыққа Конституциялық жаңалықтардың мазмұнын түсіндіру бойынша ақпараттық-үгіт жұмыстарына белсенді қатысуда.

WhatsApp Image 2022-06-01 at 14.04.43
Олар референдумға қатысу үшін үгіт-насихат жұмыстарын жеке меншік нысандағы объектілерде ғана емес, сондай-ақ акционерлік қоғамдар, банк ұйымдары, коммуналдық кәсіпорындар филиалдарының ұжымдарында да жүргізеді.
Мысалы, Бөрлі аудандық филиалының директоры Руслан Мамбеталиев "Қазақстан Халық банкі" АҚ аудандық филиалында болып, Конституциялық реформаның бес бағытының мәні мен мазмұнын түсіндірді.
Жаңақала аудандық филиалының директоры Гариб Асханбаев "Қазпошта "АҚ ұжымымен кездесіп, саяси өзгерістердің маңыздылығына қатысты әңгімелесті. "Қазпошта" қызметкерлерін азаматтық белсенділік танытуға шақыра отырып, отандастар демократияның дамуына өз үлестерін қосатынын еске салды.
"Сонымен қатар референдумға қатысу өскелең ұрпақ үшін патриотизмнің көрінісі болуы керек, сондықтан Конституцияда жазылған сайлаушының құқығын ескеру керек", — деді Гариб Асханбаев.
Бәйтерек аудандық филиалының директоры Әсел Қартқожақова референдумға дайындық жөніндегі аудандық штаб құрамына енген соң, мәжілісмендер Аветик Амирханян мен Аманжан Жамаловтың ауыл тұрғындарымен кездесуіне қатысты. ӨКП өкілі ретінде ол заң шығарушы билік өкілдерімен кездесуге бизнесмендердің де келуін қамтамасыз етті.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасындағы әріптестерімен қатар, Конституциялық реформаның мазмұны мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында бизнес нысандарын аралап шығады.
Ақпараттық-насихаттау жұмысында Бөкей ордасы аудандық филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова ерекше белсенділік танытуда. Еңбек ұжымдарымен кездесулермен шектелмей, Бибігүл Мұхасқызы жерлестеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамаларының маңыздылығын жеткізу үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануда.
-Мен үшін жерлестерімнің референдумға қатысу туралы пікірлері қызықты. тіпті көшеде келе жатып, олармен осы тақырыпта сөйлесемін. Бөкей ордасы ауданының тұрғындары (біздің аудан облыс орталығынан ең алыс болғанына қарамастан) қазақстандықтарды сыртқы саясаттағы қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы жақсы хабардар және Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайды, — дейді Бибігүл Жұмағұлова.

ӨКП дирекциясы референдумға қатысу үшін облыс тұрғындарын үгіттеуден тыс қалмайды. Жақында директор Нұржан Мақсотов "Алтын Сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқауларына дайындық аясында ұйымдастырылған семинар тыңдаушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол алдағы конституциялық реформаларға шолу жасап, Президент бастамаларын табысты іске асыру азаматтық қоғамды демократияландыру процесін жеделдететінін, қазақстандықтардың еліміздің саяси өміріне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

Кәсіпкерлер Конституциялық қайта құрулар қажет екендігіне сенім білдіріп, Нұржан Мақсотовтың үндеуін қолдады. Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияны жаңарту үшін өз даусын беруі тиіс.

WhatsApp Image 2022-06-01 at 14.04.45
Директордың орынбасары Мақсат Құланбаев АӨК бизнес нысандарына барып, Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негізі мен ерекшеліктерін түсіндірді.
БҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Мағрипа Нигишева да кәсіпкерлермен және олардың қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар ол "Талап" радиосында облыс тұрғындарына референдумға қатысуда белсенді болуға үндеді.

Жалпы алғанда Палата ұжымымен 300-ден астам еңбек ұжымдарымен кездесулер өтіп, 3 мыңға жуық адам қамтылды.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале