UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов боксшы Геннадий Головкин неге көпшілікпен кездеспейтінін түсінетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Фото: massaget.kz
Спортшының сөзінше, күнделікті жаттығу адамды шаршатады.
- Головкинді түсінемін, әрдайым жаттығу жасау керек болғанда шаршайсың, психологиялық түрде де тынығу керек. Арнайы барып, біреумен сөйлесу, суретке түсу, сұраққа жауап беру қиын. Бұл күшіңді алып қояды. Онсыз да жаттығудан шаршап келесің. Әрине жанкүйерлерді де түсінемін, бірақ жауап беруге әрдайым күш бола бермейді, - деді ол.
Ж. Қадыржанова
massaget.kz