Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің баяндауынша, Республикада тұтынушылардың құқықтары бұзылғаны туралы өтініштер саны жыл сайын өсіп келеді.
Мәселен, 2022 жылдың өзінде СИМ 30,2 мыңнан астам өтініш қараған. Басқа мемлекеттік органдар бойынша да жағдай осындай.
Көбіне азаматтар:
- медициналық қызметтердің сапасы;
- байланыс қызметтері;
- қалалық қоғамдық көліктер және қоғамдық тамақтану қызметтеріне шағымданады.
Бұл ретте өткен жылы келіп түскен өтініштердің 44,8%-ы бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетіліп, 43,7%-ы бойынша оң шешімдер қабылданды. Жалпы тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылды.
Оған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер әзірленді.
Одан бөлек соттың шешімі бойынша айыппұл салу арқылы азаматтық жауапкершілікті енгізу жоспарланып отыр.
Бұл кәсіпкерлік нысандарын тұтынушының заңды талаптарын орындауға ынталандырылады.
Жалпы түзетулер нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын мемлекеттік реттеу бойынша қанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай 80%-ға жетуге тиіс.
Үкіметтің telegram каналынан