4.07.2025, 15:30
Оқылды: 146

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді

Жазғы маусым – бұл демалыс уақыты, бірақ өкінішке орай дәл осы кезеңде судағы жазатайым оқиғалар көбейеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_4_bce83a1493fd061e93b6e8057c2a0bfd_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Қазақстан ТЖМ азаматтарды судың жанында өте сақ болуға шақырады.

Естеріңізде болсын: трагедиялардың көпшілігі рұқсат етілмеген, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде болады.

Соңғы күндері еліміздің әртүрлі өңірлерінде суда қайғылы жағдайлар орын алды. Бірнеше отбасы туыстарынан айырылды. Мұның бәрі бір сәтте, абайсызда немесе өз күшін асыра бағалағандықтан болды.

Мысалы Алматыда орнатылған тыйым салу белгілеріне қарамастан, Сайран көлінде жасөспірім мен ер адам суға батып кетті. Әдеттегі  жаздың күні трагедия болды. Қарағандыда да карьерлердің бірінде жасөспірім қайтыс болды. Мұндай су объектілері шомылуға жабдықталмағандықтан, тереңдік деңгейі әртүрлі, суы салқын және құтқарушылар болмағандықтан үлкен қауіп төндіреді.

Азаматтар барлықтарыңызды судағы қарапайым, бірақ өмірлік маңызды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз:

Тек рұқсат етілген, жабдықталған жерлерде шомылыңыздар;

Тыйым салынған аймақтарда суға түспеңіздер;

Су маңында демалған кезде алкоголь ішпеңіздер;

Буйкалардан асып жүзбеңіздер;

Жартастар мен көпірлерден секірмеңіздер;

Су көліктеріне жақын жүзбеңіздер;

Ең бастысы балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

Барлық азаматтарды өздеріңіздің және жақындарыңыздың өміріне барынша жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Қауіпсіздік - әрқайсымыздан басталады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале