14.07.2025, 15:00
Оқылды: 111

ТЖМ басшысы БҚО-дағы «Кублей» және «Зенит» кәсіпорындарына барды

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі «Зенит «Орал зауыты» АҚ кеме жасау зауыты мен «Кублей» ЖШС тамақ өндірісі атты екі негізгі кәсіпорынға барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды. 

_gluster_2025_7_12_0a35f5e63d39a06cfbd009d9d2872ea5_1280x720

Сурет: gov.kz

ТЖМ басшысы шағын және орта кемелерді құрастыруға маманданған «Зенит» зауытында өндірістік процеспен танысып, құтқару және шұғыл қызметтер бөлімшелерін жарақтандыру тұрғысында кәсіпорынның әлеуетін талқылады.

Консервіленген өнім шығаратын «Кублей» кәсіпорнына сапар барысында мемлекеттік материалдық резервке жеткізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Сатып алу шарттары, логистика және стратегиялық азық-түлік қорларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

_gluster_2025_7_12_947d7c1678cb0aa9858733feaa9d75a8_1280x720

Шыңғыс Әрінов еліміздегі азаматтық қорғау жүйесінің тұрақтылығын арттыру үшін отандық өндірушілермен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале