2.12.2025, 10:00
Оқылды: 108

ТЖМ бірнеше өңірде ескерту жариялады

Дауылды ескерту сақталады:

2 желтоқсанда Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Тараз қ.: 2 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

2 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтау қ.: 2 желтоқсанда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

2 желтоқсанда Ақмола облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Астана қ: 2 желтоқсанда тұман күтіледі.

Көкшетау қ.: 2 желтоқсанда тұман күтіледі.                                                                   

желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Петропавл қ.: 2 желтоқсанда тұман күтіледі.

2 желтоқсанда Павлодар облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: 02 желтоқсанда тұман күтіледі.

 2 желтоқсанда таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

Қарағанды қ.: 2 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

 2 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

 2 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

 2 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

 2 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 2 желтоқсан тұман күтіледі.

 2 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Қостанай қ.: 2 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі. Тұман.

2 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.

2 желтоқсанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

2-3 желтоқсанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Түркістан қ.: 2-3 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

2 желтоқсанда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Қызылорда қ: 2 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

2 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

желтоқсанда түнде және таңертең  Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында  тұман күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале