Қарсаңында 1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады, - деп жазады ТЖМ.

Сурет:istockphoto.com
Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды.
Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді.