4.09.2023, 11:30
Оқылды: 32

ТЖМ құтқарушылары ҰҚШҰ-ның арнайы жаттығуларына қатысып жатыр

1-6 қыркүйек аралығында Беларусь Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ТЖМ құтқару бөлімшелерінің бірлескен арнайы оқу-жаттығулары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1DB190A6-516B-403E-9AF1-C5D76BA2E46D

Қазақстан Республикасы ТЖМ атынан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысуда.

Оқу-жаттығулар Беларусь Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының полигонында өтіп жатыр. Қатысушы елдердің құтқарушылары ауқымды төтенше салдарларды жою бойынша практикалық және теориялық кіріспені пысықтайды. 5 қыркүйекте өтетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу бойынша оқу-жаттығулардың демонстрациялық кезеңіне дайындалуда.

ТЖМ құтқарушылары қираған ғимараттарда және теміржол апаты кезінде құтқару жұмыстарын жүргізудің тактикалық міндеттерін пысықтайды. Оқу-жаттығулар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлары туындаған кездегі өзара іс-қимылдарыныңың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале