Бүгін, таңертең 112 қызмет пультіне полиция департаментінен Жаңақала ауданы Бірлік а/о «Өтепқали» шаруа қожалығында 1971 жылы туған азамат 15 желтоқсанда 5 км қашықтықта құдыққа қарай мал суаруға шығып, оралмағаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Өзімен бірге ұялы телефон болмаған.

Аумақтық ТЖД, ТЖМ 20982 ә/б 2-құтқару батальоны, ПД, ЖАО күштері және жергілікті тұрғындармен үздіксіз іздестіру жүргізілді, әуеден іздеу үшін «Қазависпас» АҚ МИ-8 тікұшағы дереу көтерілді.
Қазіргі уақытта 1971 жылы туған азамат 30 шақырым жерде, Ақжайық ауданының Бахас қыстауынан табылды, медициналық көмекке мұқтаж емес.
БҚО ТЖД ауыл шаруашылығы малдарын қолайсыз ауа райында далада бағу қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Қысқы кезеңде жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолайсыз ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.