21.08.2023, 10:00
Оқылды: 3

ТЖМ-ның бөлімшелеріне жаңа дрондар беріледі

Үкімет Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерін арнайы құрылғылармен қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдап жатыр. Ол үшін Үкімет резервінен 633 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

ukimet

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжатқа сәйкес қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қатысатын Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемелеріне 5 су шашу құрылғысын және 71 ұшқышсыз ұшу аппаратын сатып алуға бағытталады.

Бүгінгі таңда ТЖМ қарамағында 27 ұшқышсыз ұшу аппараты бар. Алайда биыл орын алған өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар олардың санының жеткіліксіз екенін көрсетті.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ашық су қоймаларынан су алып, табиғи өрт ошақтарына әуе арқылы жеткізу үшін 12 су шашатын құрылғы бар. ТЖМ авиациялық паркі көпфункциялы 34 әуе кемесінен тұрады.

Осылайша жаңа дрондар мен су шашу құрылғыларын сатып алу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде тиісті бөлімшелердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, жыл сайын елімізде 1 мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ 4 мыңға жуық табиғи өрт тіркеледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале