28.05.2020, 14:16
Оқылды: 48

ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.

BD8DD8B5-3EC6-484A-9348-FD502C0E0B14

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл ҰБТ-ны 131 мыңнан астам түлек тапсырады. 150 өткізу орны белгіленген. Барлық ҰБТ өткізу орындары тепловизор, дезинфекциялық тоннель және аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелер, медициналық пункттер, санитайзерлер, маскалармен қамтамасыз етіледі.

F44CF269-693B-4BE2-9E65-70A7CEFDFA9A

Е.Тоғжанов қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҰБТ-ны өткізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары бойынша нұсқаулықты әзірлеу қажет екеніне, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитарлық талаптарды міндетті түрде орындау, оқушыларды тестілеу орындарына жеткізудің қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға назар аударды. Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов бірнеше нақты тапсырма берді.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале