11.02.2021, 15:04
Оқылды: 45

ҰБТ-дағы іркілістер мен сілкіністер

Мектеп бітіру сәті жақындаған сайын түлектердің басым бөлігін  «Ұлттық бірыңғай тестілеуді қалай  тапсырамын?» деген сұрақ  мазалайтыны анық. Бұл кезде  баласымен бірге ата-анадан да  тыныштық қашады. Осы сәтте  ақылы оқу  орталықтарын,  репетитор жағалап жүрген  көптеген мектеп бітірушіні  кездестіруге болады. Былай  қарасаңыз, ҰБТ дегеніміз  –  11  жыл мектеп қабырғасында алған білімінің нәтижесін көрсету.

C35E1287-21C7-4830-AB62-D4F4CB8A61BD

Мамандардың айтуынша, тест сұрақтары мектеп бағдарламасы бойынша жасалған. Алайда оқушылардың көбі, тіпті гимназия-лицей мектеп бітірушілері де ақылы оқу орталықтарының  немесе репетиторлардың көмегіне жүгініп жүргені ақиқат. Біз қаламыздағы оқу орталықтарының біріне хабарластық. Телефон тұтқасын көтерген әкімгер бір баланы дайындау ай сайын 33 600 теңге тұратынын айтты. Оған қоса орталықтың арнайы кітаптарын 15-16 мың теңгеге сатып алуымыз қажет екен. Сондай-ақ Назарбаев зияткерлік мектебіне 6-сынып оқушысын дайындау ай сайын 48 мың теңге, (қосымша кітаптары 15-16 мың теңге шамасында)  тұрады. Әкімгердің сөзінше, оқушының жақсы нәтижеге қол жеткізуі үшін кемі бір жылдай оқығаны дұрыс. Кей балалар екі жыл қатарынан дайындалады. «Ай сайын осынша ақша төлеп оқыған соң, баламның жоғары оқу орнына  немесе Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуіне кепілдік беріле ме?» деген сұрағыма «Ешқандай кепілдік берілмейді. Бәрі де өз балаңызға байланысты» деген жауап алдым.

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №12 санынан оқи аласыздар.

Гүлжамал Жолдығали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале