1.08.2024, 10:30
Оқылды: 80

ҰБТ-дағы рекордтық 140 балл: Министр Қосшы қаласының түлегін құттықтады

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуде биыл елімізде 140 балл жинаған екінші талапкер – Ақмола облысының Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанованы құттықтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

959A8557-1823-4A35-967E-F6EA7298F387

Бұл жетістік IELTS халықаралық сертификатының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру және ҰБТ нәтижесін есепке алу арқасында мүмкін болды.

«Айым Ержанованы ерекше жетістігімен құттықтаймын. Бұл қажырлы еңбек пен білімге деген ұмтылыстың нәтижесі. Сіздің жетістігіңіз барлығымызды шабыттандырады және қазақстандық жас таланттардың халықаралық аренада үлкен биіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Сізге оқуда және болашақ мансапта одан әрі табыс тілеймін!» - деді министр.

Министрмен кездесуге Айымды қолдауға оның жақындары да келді, олар ҰБТ нәтижесін білгенде қатты қуанғанын және үміттері ақталғанын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале