25.02.2022, 17:00
Оқылды: 81

УЕФА Санкт-Петербургті Чемпиондар лигасының финалын өткізу құқығынан айырды

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Украинадағы оқиғаларға байланысты Санкт-Петербургте жоспарланған Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды ауыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі УЕФА сайтына сілтеме жасап.

IMG-20220225-WA0055

Турнирдің финалдық кездесуі 28 мамырда Санкт-Петербургтегі "Газпром Аренада" өтуі керек еді. УЕФА Атқару комитетінің шешімі бойынша, ойын сол күні Париждің солтүстігіндегі Сен-Дениде орналасқан "Стад де Франс" стадионында өтеді.

"УЕФА Атқарушы комитеті 2021/22 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалын Санкт-Петербургтен Сент-Денидегі "Стад-де-Франс" стадионына көшіру туралы шешім қабылдады. Ойын жоспарланғандай 28 мамырда, сенбіде өтеді. Ойын сағат 21-де басталады", - делінген УЕФА мәлімдемесінде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале