ҰЭМ басшысы Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен кездесті, деп жазады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.
Кездесу барысында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын іске асыру барысы талқыланды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, Қордың жұмысын тезірек іске қосу Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.
Әңгіме соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Еске салайық, 2022 жылдың қараша айында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы арнайы шешімге қол қойылып, осы Қордың президенті болып Бағдад Әміреев тағайындалған болатын.