ҚМДБ ұйықтап қалып, сәресін өткізіп алған жандарға кеңес берді.
Фото: istockphoto.com
Діни басқарма мәліметінше, сәресін ішу парыз емес, ұйықтап яки басқа себептермен сәресін өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын әрі қарай жалғастыра береді. Бірақ сәресін жіберіп алмауға тырысқан жөн.
"Хадисте: "Сәресін ішіңіздер, себебі сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін тастамаңдар. Себебі сәресіне тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді", - делінген.
Сәресі - дұға-тілектер қабыл болатын уақыт. Сәресін ішу адамға күш береді, күндізгі жұмысын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі", - деп жазылған мәліметте.