1.08.2024, 17:45
Оқылды: 156

Фотоға түсемін деп өзенге батып кеткен: 16 жастағы қыздың мәйіті табылды

Түркістан облысында суға батқан қызды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

678184CF-026C-48AD-9454-34CB142FB177

Сурет: Massaget.kz

Марқұм оқиға орнынан 500 метр жерде, ағыстың төменгі жағынан табылды.

Еске салайық, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен.

Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале