4.12.2025, 10:15
Оқылды: 27

«Ұйымшыл команда - келешек мектеп» тренингі өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің бастамасымен өткізілген «Ұйымшыл команда - келешек мектеп» тренингі Батыс Қазақстан облысындағы «Келешек мектептері» педагогтерінің командалық әлеуетін арттыруда маңызды шара болды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ» филиалының тренерлері облыстағы 5 «Келешек мектебі» базасында педагогикалық ұжымдармен тәжірибеге бағытталған тренингтер өткізіп, командалық өзара әрекеттестікті нығайтуға арналған тың тәсілдерді таныстырды.

WhatsApp Image 2025-12-04 at 10.49.29

Облыста ашылған «Келешек мектептері» педагогтері министрлік тапсырмасына сәйкес бұған дейін базалық деңгей курстарында біліктілігін арттырған болатын. Ендігі кезекте бұл мектептерде мектеп педагогтарының командада жұмыс жасау дағдыларын дамыту, бірлік пен өзара қолдауға негізделген командалық рух қалыптастыруға бағытталған жүйелі тренингтермен жалғасты.
Әр білім беру ұйымындағы тренинг қатысушылары практикалық жаттығулар арқылы ортақ мақсатқа бірігудің тиімді әдістерін меңгерді.

WhatsApp Image 2025-12-04 at 10.49.30 (1)
Шараның негізгі мақсаты – педагогтер арасында сенімге негізделген орта қалыптастыру, бірлескен әрекет арқылы командалық ауызбіршілікті арттыру, көшбасшылық пен өзара қолдауды дамыту.
Бұл бағытта ұстаздар команда ретіндегі рөлдерін қайта қарастырып, бір-бірін қолдаудың, тыңдаудың және ортақ шешім шығарудың маңызын терең сезінді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ ұсынған бағдарлама келесі негізгі тақырыптарды қамтыды:
- Командалық рөлдер және олардың ұжымдағы маңыздылығын анықтау;
- Команда ішіндегі сенім мен ұйымшылдықты дамытудың әдістері;
- Көшбасшылық пен командалық мәселелерді шешу жолдары;
- Командалық байланыстар арқылы табысқа жету бағыттарын талдау.
Тренинг барысында педагогтер жоғары белсенділік танытып, өзара әрекеттестіктің маңызын терең түсінгендерін көрсетті.

Индира Бадакова,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале