4.03.2025, 10:30
Оқылды: 175

Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 триллион теңгеге ұлғайтады

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында биыл экономикалық өсу қарқынын арттыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндады.

жумагарин

Фото: t.me/KZgovernment

Ол бұл үшін Үкімет осы жылы және одан кейінгі жылдары экономиканың нақты секторын қаржыландыруды едәуір арттыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.

Атап айтқанда, Үкімет «Бәйтерек» холдингінің капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтады, бұл өз кезегінде холдингке 2025 жылы 8 трлн теңгеге жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

«Аталған инвестициялар елімізде жаңа жобаларды құруға бағытталатын болады, бұл өңдеу өнеркәсібінің өндіріс қуатын ұлғайтып, өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындары ашуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Спикер «Бәйтерек» тарапынан бизнесті қолдау үшін қаржыландыру көлемін ұлғайтудан бөлек, қаржыландырудың жаңа құралдары енгізілетінін түсіндірді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале