Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев аймаққа жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге №18А кәріз-сорғы станциясында болып, қайта жаңғырту жұмыстарына зер салды.

Құрылыс 2024 жылдың тамыз айында басталған. Жоба құны - 1,9 млрд теңге. Бүгінде жоспарлы жұмыстар 95 пайызға орындалған. Ермек Боранбайұлы жауапты мердігермен сөйлесіп, инженерлік инфрақұрылымды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
