20.05.2024, 17:45
Оқылды: 44

Үкімет отырысында қандай мәселе қаралады?

Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Үкімет үйі https://primeminister.kz/ru/news/pravitelstvo-vydelilo-poryadka-16-mlrd-tenge-iz-rezerva-na-modernizatsiyu-teploistochnikov-kentau-riddera-i-kyzylordy-28148

Фото: primeminister.kz

Үкімет баспасөзінің хабарлауынша, күн тәртібінде шикізаттық емес экспортты ілгерілету, 2023–2024 жылғы оқу жылының аяқталуы және каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын, еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің Баспасөз орталығында Сауда және интеграция, Оқу-ағарту министрліктері басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале