10.05.2024, 15:45
Оқылды: 75

Үкімет шегіртке зиянкестерімен күресуге 8,1 миллиард теңге бөлді 

Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.

Ақша JP
«Фитосанитариялық жағдайға ерекше назар аударған жөн. Шегірткенің табиғи түрде ең көп таралуы 2024 жылға келіп тұр. Бұл мәселеге қатаң жауапкершілікпен қарау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктерімен бірлесіп, зиянкестердің таралу орындарын анықтауға қосымша ресурстарды жұмылдыруды және өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды тапсырамын. Көктемгі егіс жұмысын жүргізу бойынша барлық мәселе жедел шешімін тауып, тұрақты бақылауда болуы тиіс», — деді Олжас Бектенов.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале