Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрінің міндетін атқарушы Ерұлан Жамаубаев жаңа Бюджет кодексін әзірлеу жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: primeminister.kz
Сонымен қатар кеңесте бюджет процестерін түбегейлі жеңілдету, жоспарлау тиімділігін арттыру және салалық бюджет элементтері есебінен бюджет қаражатын пайдалану, нәтижелерді басқарудың жаңа құралдарын іске асыру жөніндегі шаралар талқыланды. Бұдан басқа цифрландыру, бюджет процесіне қатысушылардың есеп беруі мен ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Ұлттық экономика министрлігі негізгі тәсілдерді, сондай-ақ құжаттың құрылымы мен мазмұнын таныстырды.
Оның негізгі ережелерін тәуелсіз сарапшылар және қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау мақсатында ескертулер мен ұсыныстар үшін «Ашық НҚА» порталында Реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты орналастырылды.
Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев жаңа Бюджет кодексінің негізі макроэкономикалық және бюджет тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұрақтылыққа қол жеткізіп, мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыруға ықпал етуге және Үкіметтің даму мақсаттарына сәйкес келуге тиіс екенін атап өтті.