7.01.2023, 15:20
Оқылды: 47

Үкіметте жанар-жағармай материалдары нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары қаралды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

ADDDF25B-2FB6-440F-B058-53E056487D4A

Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев әртүрлі отын түрлерінің қорлары, өндіріс жоспарлары және жанар-жағармай материалдары нарығындағы ахуал жайлы баяндады.

Кеңеске қатысушылар ішкі нарықты дизель отынымен, атап айтқанда жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету, баға белгілеу, импорт, Шымкент МӨЗ-інің қуатын ұлғайту және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Премьер-Министр отынның Қазақстаннан тыс жерлерге көп мөлшерде «шығарылуын» азайту үшін ішкі нарықта жанар-жағармай материалдарын сатуға мониторинг пен бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет басшысы жанар-жағармай материалдарын өткізуді есепке алу үшін станцияларды арнайы цифрлық жүйемен толық қамтуды ұйымдастыруды тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр бірқатар нақты тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале