Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге және Бас прокуратураның үйлестіруімен бір мезгілде Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында арнайы операция жүргізген.
Нәтижесінде қару мен есірткіні заңсыз сақтауға, бопсалауға, заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға және өзге де ауыр қылмыстар жасауға күдікті топтардың 72 мүшесі ұсталды.
Топтар әрекеттерін Қытай («Қорғас» ХШЫО), Өзбекстан («Жібек жолы» өткізу пункті) және Қырғызстанмен («Қордай автомобильдік» өткізу пункті) шекара учаскелерінде жүзеге асырған.
Тінту барысында атыс қаруы, оқ-дәрі, ірі ақша, есірткі, сондай-ақ өзге де заттар тәркіленген.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
ҰҚК баспасөз қызметі