27.09.2023, 10:15
Оқылды: 58

ҰҚК ителгі құсы контрабандасының жолын кесті

Атырау қаласының әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтарын ұстау үшін арнайы операция жүргізді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

9e09f9cc8e20026aab701e0e30a37c70_1280x720

Олар құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Келтірілген залал 200 млн теңгеден астам.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале