6.01.2025, 10:30
Оқылды: 477

ҰҚК Шекара қызметінің 2024 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде 55 мыңнан астам Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 324 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталып, 383 шетел азаматының шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілген. бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлайды.

WhatsApp Image 2025-01-06 at 12.33.50

Сурет: gov.kz

Мемлекеттік шекара арқылы 15 041 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде 451 – есірткі заттары, 886 – қару мен оқ-дәрілер, 455 – діни әдебиет, 5 283 – жалпы сомасы 160 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары, 6 086 – жалпы сомасы 70 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары, 1 880 – жалпы сомасы 19 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 390 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ 196 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 536 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары,   1 994 дана бекіре тұқымдас балықтар, 87 814 дана ұсақ тұқымдас балықтар, 117 дана итбалығы. Алды алынған залал сомасы 4,6 млрд теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале